05.01.2022, 12:03 10206

Ақтөбе әкімдігінде митинг өткізушілердің талаптарын орындағанын мәлімдеді

Сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді.
АҚТӨБЕ. 5 ҚАҢТАР - Митинг кезінде ақтөбеліктер қойған талаптар орындалды. Бұл туралы Ақтөбе әкімдігінің Instagram-парақшасында хабарланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Бүгін Ақтөбеде бейбіт митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті. 
 

Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын арзандату. Бұл талап та орындалды - сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді", - деп хабарлайды әкімдік.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жылдан кейін газ бағасының литріне 120 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты Маңғыстау облысында митингтер басталды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Үкіметтік комиссия құрылды. Маңғыстау облысында газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа да бірқатар облыстарында наразылық акциялары өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны