17.05.2021, 19:03 7344

Air Astana Қазақстаннан Мальдивке ұшуды тоқтатты

Елге Мальдивтен келгендердің барлығы ПТР-тест пен вакцинацияның болуына қарамастан, міндетті түрде екі апталық карантиннен өтуі тиіс.

НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы үкіметтік шектеулерге байланысты Алматы - Мальдив бағыты бойынша рейстерді 2021 жылдың 31 мамырына дейін тоқтатты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17, 19 және 24 мамырда Air Astana Мальдивтегі жолаушылар үшін репатриациялық рейстерді ұйымдастырады. КС586 рейсі жергілікті уақыт бойынша Маледен сағат 19:35-те Алматыға келесі күні сағат 03:05-те келеді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек.

Күші жойылған рейстердің жолаушылары әуебилетті сатып алған жері бойынша толық қайтарымды ала алады немесе 2021 жылғы қазанға дейін қоса алғанда басқа ашық күндерге билеттерді тегін қайта брондауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 мамыр қарсаңында Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мальдив аралдарына ұшуға қатысты жаңа қаулыға қол қойды: елге Мальдивтен келгендердің барлығы ПТР-тест пен вакцинацияның болуына қарамастан, міндетті түрде екі апталық карантиннен өтуі тиіс.

6 мамырдан бастап Мальдивтерде коменданттық сағат жұмыс істейді-жергілікті уақыт бойынша 21.00-ден 4.00-ге дейін. Анықталған CОVID-19 тасымалдаушыларының саны қазір тәулігіне 700-ден асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны