08.11.2023, 16:19 58011

Алдағы күндері ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендейді

Республика бойынша - жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі
Синоптиктер 2023 жылдың 9-11 қарашасына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар, жаңбыр жауады.

Оңтүстікте 9 қарашада, батыста 10 қарашада, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.


Республика бойынша - жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.

Аптаның соңына қарай түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны