26.11.2024, 18:05 2546
Биыл Қазақстанда 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Достарға айту
2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 млн. гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.
ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда "AMANAT" партиясы жанындағы "Жер аманаты" комиссиясы жүзеге асыратын қоғамдық-партиялық бақылау маңызды рөл атқарғанын атап өткен жөн.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.11.2024, 18:28 1576
Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды
Достарға айту
Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен ұйымдастырды.
Алғашқы тренинг Қызылорда қаласында өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар "Empowerment through Self-Defense" халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті белгілерді анықтауды үйренеді.
Дәл осындай өзін-өзі қорғау тренингтерін Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да өткізу жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:18 2036
Әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құру жүктелді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ "Терриконовая долина" IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады.
Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты $306 млн-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін $600 млн-нан асады деп күтілуде. Жалпы 5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайды. Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда, көптеген салаларда трансформация жалғасып жатыр.
Заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.
Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.
Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Президент қойған жасанды интеллектіні дамыту міндеттерін іске асыру аясында салалық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.
IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады. Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Осы ретте оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажеттігі аталып өтті. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұру маңызды.
Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге әкімдіктер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:14 2256
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі
Достарға айту
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Министр азаматтарды қабылдап, Арал теңізін сақтау мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілді.
Сондай-ақ, Солтүстік Арал мәселесі осы айдың басында Түркіменстанда өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысының күн тәртібінде болды.
Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Солтүстік Аралға жіберілді. Мәселе өте маңызды, біз оны жан-жақты қарастырып, үнемі бақылауда ұстаймыз",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске сала кетейік, министр Түркіменстанда өткен көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша 1-ші сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су жіберу туралы келіскен болатын. Бұл еліміздің оңтүстік аймақтарына 2025 жылғы суару маусымы үшін қажетті су көлемін жинауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 18:02 2751
Қазақстан президенті Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
Достарға айту
Мемлекет басшысының өкімдерімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 16:24 40481
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Достарға айту
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берілді.
Мемлекет басшысына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері ұсынылды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді.
Светлана Жақыпованың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр.
Президентке халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды. Министрдің айтуынша, биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген "Жобалардың инновациялық навигаторы" қанатқақты жобасы туралы баяндалды. Аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді.
Министр еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеумет және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 14:57 40981
Бакуден Сианға Қазақстан арқылы алғашқы контейнерлік пойыз аттанды
Достарға айту
2024 жылғы 24 қарашада Қазақстан арқылы Бакуден (Әзірбайжан) Сианға (ҚХР) ТХКБ кері маршруты бойынша алғашқы контейнерлік пойызды іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Мұнай коксы бар 62 контейнерден тұратын пойыз "кері тиеу" шеңберінде Транскаспий көлік бағдары (ТХКБ) бойынша өтеді және бар болғаны 12 тәуліктің ішінде межелі жерге жетеді.
Сервисті "KTZ Express" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) X’ian Free Trade Port (ҚХР), Absheron Logistics және ADY Express (Әзірбайжан) серіктестіктерімен ұйымдастырды. Бұл бағыт Батыс пен Еуропа арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі таңда TХКБ сенімді және қауіпсіз бағыт болып табылады, ол тасымалдау мерзімін қысқартып қана қоймай, жүктерді тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осыған ұқсас жүк бұрын Трабзон порты арқылы автофурлармен жеткізіліп, кейіннен Қытайға теңіз арқылы тасымалданды, бұл 40 күннен астам уақытты алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:53 41306
Жауынгерлік машиналарды жаңғырту, әскерлерді даярлау нәтижелері және күзгі шақыру: Тоқаев Қорғаныс министрімен қандай мәселелер талқылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысына бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижелері, сондай-ақ әскери қызметтегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды.
Армияның жауынгерлік әлеуетін кезең-кезеңімен көтеру және әскерді даярлаудың жаңа тәсілдеріне көшу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу барысы туралы баяндап, әскердің қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен, атап айтқанда, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерімен, радиоэлектрондық күрес кешендерімен жарақтандырылып жатқанын хабардар етті. Бұдан бөлек, жауынгерлік машиналарды және байланыс құралдарын жаңғырту, рационализаторлық жұмысты, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бітімгерлік контингентінің БҰҰ аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:48 40851
"Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" порталы 2025 жылы іске қосылады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды және "Әлеуметтік әмиян" жобасын пилоттық енгізу арқылы халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді цифрландырудың оң тәжірибесі қаралды.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі мектепке дейінгі білім берудің барлық мекемелеріне олардың талаптарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізуге жол ашады, ата-аналарға балабақшаны өз еркімен таңдауға мүмкіндік береді, "білім беру мекемесіне емес, қаражатты баланың соңынан ілестіру" қағидаты бойынша үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарында жобаны сынақтан өткізу туралы хабардар етті. Бұл ретте алдын ала нәтижелер жоспарланған трансформацияның нақты тиімділігін көрсететіні атап өтілді. Мысалы, Таразда бұған дейін бірнеше жыл кезекте тұрған екі жастан асқан 23 мыңнан астам сәби балабақшаларда орынмен қамтамасыз етілді. Бұрын мемлекеттік тапсырыс алмаған 19 қалалық балабақша тізімге енгізілді. Небары 2 айда балаларды қабылдау фактісі бойынша қаржыландыру есебінен 600 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Түркістанда жобаны іске асырудың 2 аптасында 740 ваучер берілді, балабақшаларға кезек нөлге дейін азайтылды. Шымкентте де оң нәтижелер бар. Тұтастай алғанда, бүгінде жобаны аталған өңірлердің қалалары мен аудандарында іске қосу жоспарланып отыр, әрі қарай бүкіл еліміз бойынша кеңейтіледі.
Әлеуметтік әмиян" жобасына емханалар жанында жұмыс істейтін 726 мемлекеттік дәріхана немесе олардың 100%-ы қосылды. 947 мың рецепт өңделіп, берілді, бұл дегеніміз жартысынан көбі. Тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыру үшін "Әлеуметтік әмиянды" пайдалану Астана, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде жүзеге асырылады. 2025 жылы "Әлеуметтік әмиян" арқылы спорттық және шығармашылық тапсырыстарды, сондай-ақ демалыс лагерьлеріне жолдама бөлу жоспарлануда.
Дәрілік заттарды таңбалау нәтижелерін қарау кезінде Премьер-министрге 5,5 мыңнан астам субъектінің есепке алу жүйелерінің толық интеграциясы туралы баяндалды. Таңбаланған дәрілік заттардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін жетуіне автоматтандырылған мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда 88,5 млн дәрілік зат таңбаланған.
Олжас Бектенов цифрландыруды енгізу тіркеуді алып тастауға, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын жұмсауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Өңір әкімдеріне ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ мектептерді "Әлеуметтік әмиянмен" интеграцияланған аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықтау қажет. Денсаулық сақтау және қаржы министрліктері "Қазақтелекоммен" бірлесіп - бақылауды күшейтуі және айналымда таңбаланбаған дәрілік заттарды өткізуге жол бермеуі тиіс.
Сондай-ақ салықтық, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, бюджетті жоспарлау және атқару мәселелеріне назар аударылды. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов цифрлық шешімдерді енгізу және жаңа жобаларды іске қосу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджеттің орындалуын қадағалауға, қаражаттың тиімді жоспарлануы мен жұмсалуына бақылауды күшейтуге бағытталған "Онлайн бюджеттік мониторинг" жобасын іске асыруда. Егер бұрын тексерулер "қолмен басқару режимінде" жүргізілсе, қазір жүйеде 150 млн-нан астам төлем өңделуде. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тәуекелді төлемдер бөлігінде алдын алу шараларын талдап, қабылдайды. Осы жұмыс аясында бюджетке 4 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде Tapsyru сервисі іске қосылды. Платформа ұйымдарға баланстан балансқа беру рәсімін және бірлескен шарттар тетігін одан әрі жеңілдете отырып, талап етілмеген мүліктің бірыңғай тізілімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Topsyru-да 721 қатысушы және 313 мыңнан астам актив тіркелген.
Бұдан басқа, 2025 жылы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жеке кабинеттеріне қол жеткізуге қосатын "Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті" порталын іске қосу жоспарлануда. Бірыңғай интерфейс қызметтердің бытыраңқылығы мен деректердің қайталануы мәселесін шешуге бағытталған. Сонымен қатар ол бизнес-жағдайларды басқару және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл үдерістерін едәуір жеңілдетеді.
Премьер-министр цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көлеңкелі экономикаға қарсы күресте нақты әсер етуі, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруы, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау мен жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ведомстволарға барлық жобаны толыққанды әрі сапалы іске қосу бойынша жұмысты жеделдету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.11.2024, 09:06Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолы кесілді 26.11.2024, 18:02 2731Қазақстан президенті Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады26.11.2024, 18:05 2526Биыл Қазақстанда 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды26.11.2024, 18:14 22362025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі26.11.2024, 18:18 2016Әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құру жүктелді
22.11.2024, 14:04 131361Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131161Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 106071Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 97331Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 97266Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 131361Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131161Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115331Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113581Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107746Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды