26.04.2021, 22:03 7691

Алматыға 6 мың отандық QazVac вакцинасы жеткізілді

Алматылықтар қалауы бойынша қазақстандық немесе ресейлік препаратты таңдай алады.
АЛМАТЫ. 26 СӘУІР - Өткен аптада Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде Қазақстанда өндірілген "QazVac" вакцинасының бірінші партиясы тиелді, оның ішінде 6 мың дозасы Алматыда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Препарат Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына түсті. Жалпы алғанда 6000 доза (1-ші және 2-ші компоненттер), олар ҚДБ медициналық ұйымдары арасында бөлінген.
 

Алматылықтар қалауы бойынша қазақстандық немесе ресейлік препаратты таңдай алады", - деп атап өтті ҚДБ баспасөз қызметінде.

 
Ведомствоның мәліметінше, QazCovid-in вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген.
 
QAZ-COVID-IN - бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина, 0,5 миллилитр/доза.
 

Құрамында SARS-CoV-2 тазартылған инактивирленген тұтас вирионды штамм бар. QazCovid-In "Қазақстан, ковид, инактивацияланған" дегенді білдіреді. Ол химиялық реагентпен "өлтірілген" 2019-nCoV вирусында негізделген. Мұндай вакциналар дене температурасын көтерместен жұмсақ асқынуларға ие. Спутник-V сияқты, ол екі компонентті және 21 күндік аралықпен енгізіледі", - деді баспасөз қызметінде.

 
Мамандар отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі - сақтау шарттары екенін атап өтті. Егер Спутник-V тоңазытқышта 18 градус аязда сақталса, онда QazVac 2-8 градус температурада сақталады. Бұл препаратты өндірушіден тұтынушыларға жеткізу логистикасын жеңілдетеді.
 

Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне 18-65 жас аралығындағы 44 ерікті, екінші кезеңге - 200 адам, үшінші кезеңге - 3 мың адам қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізілімінде өзінің ковидке қарсы вакцинасын тіркеді", - деп қорытындылады басқармада.


Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаны алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны