23.08.2021, 17:16 13539

Алматыға Кабулдан БҰҰ қызметкерлерімен екінші рейс келді

АЛМАТЫ. 23 ТАМЫЗ - Кеше Алматыда Кабулдан Біріккен Ұлттар Ұйымының 108 қызметкері бар екінші ұшақ қонды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Кеше кешке Алматыға БҰҰ-ның 108 қызметкері отырған екінші борт келді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
 
Ұйымның мәліметінше, қоныс аударған қызметкерлерді орналастыру бойынша барлық шығындарды БҰҰ тарапы төлейді.
 
Сондай-ақ, өкілдік қазіргі уақытта келген қызметкерлер ПТР-тестілеуден өтіп, карантинде екенін атап өтті.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 18 тамызда Алматыға Ауғанстаннан БҰҰ-ның 141 қызметкері ұшып келген. Алматыда UNAMA және басқа да БҰҰ агенттіктерінің кеңселерін орналастыруы және одан әрі қызмет етуі Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанға дейін алдын ала жарты жылға уақытша болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Кабулға соғыссыз кіріп, бірнеше сағат ішінде қаланы толық бақылауға алды. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани қантөгісті болдырмау үшін елден кететінін айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны