21.07.2021, 22:15 8995

Алматыға кіре берісте 12 блокпост орнатылды

Бұл шара Құрбан айтта қала ішіне сойыс малын өткізбеу мақсатында қолға алынды.
АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Алматының кіреберісіне 12 бекет қойылып, тәртіп күшейтілді. Бұл шара Құрбан айтта қала ішіне сойыс малын өткізбеу мақсатында қолға алынды. Бекеттер 22 шілдеге дейін жұмыс істейді.
 
Қала тұрғындары qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс беріп, құрбан шалуды қашықтан өтей алады. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артуда. Сондықтан Құрбан айт мерекесі биыл да онлайн өтуде. Құрбан шалу үшін арнайы сатқа өтініш қалдыруға болады. Содан соң, қала мешітінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, құрбандықтың етін аз қамтылған отбасыларға таратады, деп хабарлайды "Хабар 24".
 

Екі жақтың да тиімді тұстары бар. Біріншіден, шалушының уақыты шығын болмайды. Мынау қазір індет өршіп тұрған кезде өз денсаулығын сақтай отырып, мына мұқтаждарға біздің еріктілердің көмегімен оларды да бері қарай сабылтпай, олардың да уақытын шығындамай, ерікті топ өздері барып, үйлеріне жеткізіп береді", - дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.

 
Алматының Орталық мешітінің волонтерлері түске дейінгі уақытта 400 отбасыға құрбандық етін жеткізген. Олар барлық санитарлық талаптарды ұстануда. Құрбандық етін соятын қасапшылар да қатаң талаптармен қабылданған. Олардың кәсібилігін дәлелдейтін сертификаттары бар. 
 

Осы қойларды сойып, мұқтаж жандарға онлайн режимде таратып жатырмыз. Осы карантинге сәйкес, барлығы маскамен, сертификат алған жігіттер. Қабыл болсын құрбандықтарыңыз. Айттан айтқа төрт көзіміз түгел болып жете берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Асан Әбиев, қасапшы.

 
Онлайн құрбан шалуға қала тұрғындарынан 784 өтініш түскен. Мешіт өкілдері барлық тапсырыс үш күн ішінде қамтылады деп отыр.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны