26.03.2021, 20:47 14911

Алматы билігі "Жеміс консерві комбинаты" аумағында құрылыс жобасын тоқтатты

АЛМАТЫ. 26 НАУРЫЗ - Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бұрынғы "Жеміс консерві комбинаты" аумағында құрылыс салу жобасының тоқтатылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жандосов к-сі, 94, 94/16, 94/8; Кекілбайұлы к-сі, 6; 20-линия к-сі, 39 мекенжайы бойынша жер учаскесін салу жобасы ("Жеміс консерві комбинаты" деп аталатын аумақ) тоқтатылды. Халыққа қызмет көрсету объектілері бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға арналған жобалау алдындағы құжаттама кері қайтарып алынды. Басқарманың ұсынысы бойынша құрылыс салушы құрылыс тығыздығын, қалалық инженерлік желілерге түсетін жүктемені ескере отырып, жаңа эскиздік жобаны әзірлейді және ұсынады. Құжат жобасы барлық қажетті процедуралардан, соның ішінде қоғамдық талқылаулардан өтеді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

 
Бұдан басқа, құрылыс салушы эскиздік жобада әлеуметтік объектілердің, оның ішінде жалпы білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру объектілерінің болуын көздеуі қажет. 
 

Осылайша, аталған Алматы ауданындағы құрылысқа жол берілмейді", - деп атап өтті басқармада.

 
Бұған дейін KEGOC-тің бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев құрылыс салушыларды Алматының лас ауасына кінәлап, "құрылыс мафиясын" тоқтатуға шақырғаны хабарланған болатын. 13 гектар көлеміндегі бұрынғы "Жеміс консерві комбинаты" учаскесінде 17 қабатты 57 үй салу жоспарланғандықтан, қала тұрғындары Алматының қауіпсіздігі мен экологиясынан қауіптене бастады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны