05.03.2021, 16:08 17161

Алматы әкімі бөгеттер салу кезінде ағаштарды кесу процесін бақылауды тапсырды

Құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін.
Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің бассейндерінде бөгеттер салу кезінде ағаштарды кесу процесін бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Әкім жұмыс сапары аясында бөгеттердің құрылыс алаңдарын аралады.
 

Оның мақсаты — қаланы селден қорғау. Бұл өзендердің бассейндерінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар. Құрылыс жұмыстары кезінде қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін. Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде егілетін жұмыстарды бақылауды тапсырдым", - деп жазды Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы тауларында Аюсай шатқалында бөгет салу кезінде 1100-ден астам ағаш пен 3700 бұта кесілген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны