08.06.2021, 20:24 19139

Алматы әкімінде креативті экономика жөніндегі кеңесші пайда болды

Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

АЛМАТЫ. 8 МАУСЫМ - Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің штаттағы креативті экономика жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ін тәмамдаған, New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен. Kazakhstan Computer Graphics ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеген.

Алматының Мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан "Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы болды.

"Томирис", "Анаға апарар жол", "Каникулы off-line", "Районы", "Бизнесмендер" сияқты бірқатар қазақстандық фильмдердің продюсері ретінде жұмыс жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны