19.08.2022, 15:41 39091

Алматы мәслихатының депутаты түкіруге заңнамалық деңгейде тыйым салуды ұсынды

Алматы мәслихатының депутаты түкіруге заңнамалық деңгейде тыйым салуды ұсынды
Сурет: facebook.com/Сергей Пономарев
АЛМАТЫ. 19 ТАМЫЗ - Алматы қалалық мәслихат депутаты, белгілі журналист Сергей Пономарев қазақстандықтар үшін маңызды, бірақ БАҚ-та сирек жарияланатын мәселе туралы жазды.
 

Бұл туралы күнделікті өмірде жиі айтамыз. Ашуланамыз, мәдениеттілікке шақырамыз. Алайда адамдар көлік, автобус терезесінен, қоғамдық орындарды, балалар алаңында, тіпті тротуарда түкіруін қояр емес. Бұл мәдениетсіз әдет тек жағымсыз және жиіркенішті ғана емес, денсаулыққа да қауіпті. Эпидемиологтардың пікірінше, түкіру көптеген аурудың көзі саналады. Адамның кептірілген сілекейінде герпес, қызамық, туберкулез, гепатит, пневмония болуы мүмкін", - деп жазды Сергей Пономарев.

 
Айта кету керек, бұл мәселе тек Алматы қаласы мен еліміздің тұрғындарын ғана емес, басқа мемлекеттердің азаматтарын да алаңдатып отыр.
 
2019 жылы Қырғызстанда Құқық бұзушылық кодексі күшіне енді. Онда қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салынған. Алғашқылардың бірі - полиция қызметкеріне айыппұл салынған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Үндістанда, Қытайда және Сингапурда да мәселеге қатысты тиісті іс-шаралар қолданылады.
 

Сайранда, Атакентте, тіпті Панфиловтың орталық жаяу жүргіншілер көшесінде де алматылықтар әдепсіз қылығын тыймайды. Қонақтардың алдында ұяласың. Әкімдіктің айтуынша, биыл туристер саны 2,5 есеге өсті. Қазақстанның мәдени астанасы әлемге несімен танылады? Тротуарлардағы кеуіп қалған түкірікпен бе? Менің ойымша, әдеттен арылу керекпіз", - деді Сергей Пономарев.

 
Журналист депутат әріптестеріне және қала әкімдігіне шұғыл түрде қоғамдық орындарда қосымша тәртіп ережелерін әзірлеп, түкіруге ғана емес, темекі тұқылын, қоқыс, пісте, сағыз лақтыруға да тыйым салып, мұны заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.
 

Барлық жанашыр азаматтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын, қаламызды сүйетінімізді сөзбен емес, іспен көрсетейік!" - деді Сергей Пономарев.

 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны