19.04.2022, 16:30 8011

Алматы облысында ҮАААЖ құрылысына байланысты жолдардың бірі жабылады

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына байланысты Алматы облысындағы тасжолдардың бірі жабылады.
Алматы облысында ҮАААЖ құрылысына байланысты жолдардың бірі жабылады
Сурет: Polisia.kz
ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 СӘУІР - Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына байланысты Алматы облысындағы тасжолдардың бірі жабылады.
 

Қырғауылды, Райымбек ауылдарының қиылысындағы айналма жол және Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Шамалған-Ұзынағаш тасжолын 23 шақырымға жабу жоспарланып отыр. Сондықтан, бұдан былай Алматыға Алматы-Шамалған-Ұзынағаш бойымен кірушілер Қырғауылды ауылындағы Көкдала және Іңкәрбековтар көшелерімен, сондай-ақ Райымбек ауылындағы Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы өтеді. Осыған байланысты осы жағдайға түсіністікпен қарап, көлік қозғалысының бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді полиция өкілі.

 
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны