19.05.2022, 15:11 16626

Алматы тұрғындарын тау бөктеріндегі белсенді құрылыс алаңдатады

Бұрын алма бақтары болған жерлерде элиталық коттедждер белсенді салынуда.
Алматы тұрғындарын тау бөктеріндегі белсенді құрылыс алаңдатады
АЛМАТЫ. 19 МАМЫР - Алматының Медеу ауданының тұрғындары, оның бір бөлігі Каменское плато ретінде танымал, өз өмірлері үшін қатты алаңдаулы. Бұрын алма бақтары болған жерлерде элиталық коттедждер белсенді салынуда.
 
Бірнеше күн бұрын Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, соның салдарынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды "Хабар 24"
 
Табиғаттың дәл осындай тосын мінезі Алматының "Каменское плато" бөктерінде қайталануы әбден мүмкін, дейді табиғат жанашырлары. 
 

Текеліде қандай жағдай болғанын бәріміз көрдік. Оның біздің қалада қайталанғанын қаламаймыз. Өйткені ауқымы әлде қайда көп болады. Бұрын мына бөктердің барлығы алма бақ болған, қазір жеке тұрғын үй салынып жатыр. Ал, негізінен бау-бақша болуы керек. Қазір ебін тауып құрылысқа рұқсат алып, үлкен үйлер салып жатыр", - дейді экобелсенді Василиса Қуанышева.

 
Бұрын Обсерватория көшесінде тек ғалымдар мен астрофизиктер ғана тұрған. Ғылыми орталықтың жанындағы бөктерде алма ағаштары өсетін. Ал, соңғы жылдары аумақ адам танымастай өзгерді. Жеміске – толы бақтар шабылып, орнына үлкен сарайлар салынып жатыр. Сәуір айында "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары Каменское плато қыратын тексеріп, жер қыртысының тұрақсыз, жұмсақ екенін айтыпты. Үлкен үй, ауыр техника мен су және кәріз құбыры аумақтың қаупін арттыра түседі, дейді. 
 

Қазақстан Республикасының нормативті-техникалық құжатының талабына сай инженерлік геологиялық тексеру жүргізілу керек. Мұндағы үйлердің іргетасы терең құйылуы керек", - деді "Қазселденқорғау" ММ бөлім басшысы Әлішер Тоқтасын.

 
Еске сала кетейік, 2016 жылы осы қыратта екі рет көлемі мың текше метрлік лай көшкіні жүрген. Қазір мұнда жаңа құрылыс үшін қазылған 46 жердегі жұмыстар уақытша тоқтап тұр. Одан өзге жаңадан үш үй салынып, екі жер теліміндегі ағаштар оталған. Ал, Медеу ауданы әкімдігі болса құрылыс жұмыстары заңды дейді. 
 

Жер телімі бойынша, ол жердегі жер жеке тұлғаға тиесілі. Жоба құжаттамалық құжаттары берілген, АПЗ бар. Сол аумақтың нақты жоспарлау жобасы бойынша ол жерде жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған", - дейді Медеу аудандық қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру қызметінің басшысы Аман Мырзеков.

 
Әкімдік өкілінің айтуынша, болашақта қаланың бас жоспарына түзетулер мен өзгертулер енгізіледі. Обсерватория көшесіндегі мәселе сол кезде жер иелерінің келісімімен қаралады екен.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны