03.09.2021, 18:51 12114

Алматы тауларында туристер қауіпсіздігі үшін алғашқы үйшіктер орнатылуда

Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған.
АЛМАТЫ. 3 ҚЫРКҮЙЕК - Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында модульдік конструкциялар болып табылатын үйшіктердің қалай құрастырылып жатқанын тексерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Сағынтаевтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
 

Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған. Ішінде алғашқы көмек көрсету жинағы, маршрут картасы, мобильді құрылғыны қуаттау стансасы, жылы көрпе мен азық-түлік жиынтығы бар. Шатырда SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне жіберетін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған", - деп жазды Сағынтаев Instagram-да.

 
Таудағы қауіпсіздік шаралары шеңберінде Үлкен Алматы мен Тұйық су шатқалдарында бақылау-құтқару пункті ашылады. Онда тікұшақ алаңын ашу да жоспарда бар. "Шымбұлақта" қысқы маусымға дайындық жүргізілуде – шаңғы трассалары мен қонақ үй жаңартылуда. Сондай-ақ визит-орталық ашылады. 
 
Бұдан өзге қала әкімі Medeu Park Hotel-ді құру, жаңартылған Qazaq Auyl экокешені мен альпинистердің сүйікті мекені – Тұйық су шатқалындағы глэмпингті құру жобаларымен танысты. "Медеудің" төменгі бөлігінде арқаны бар саябақ пен денсаулық жолы салынуда.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны