07.06.2021, 23:49 18272

Алматыда 11 медициналық мекеме қалыпты жұмыс режиміне ауысты

Барлық емханалар мен ауруханаларға дезинфекция жүргізіледі.
АЛМАТЫ. 7 МАУСЫМ - Алматыда 11 медициналық мекеме қалыпты жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматыда Бұқар Жырау қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы, Халық Арена ЦФ, психикалық денсаулық орталығы, ТЖ ауруханасы, Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь, ХБО, №1 перзентхана, қалалық кардиологиялық орталық, №1 Қалалық клиникалық аурухана, Қорғаныс министрлігінің госпиталі жабық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.
 

14 маусымнан бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың ковидтік стационарларын, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының Байзақов көшесіндегі филиалын жабу жоспарлануда. Бұл стационарлар қалыпты жұмыс режиміне көшетін болады", — деп хабарлады Н. Табынбаев, сондай-ақ барлық емханалар мен ауруханаларға дезинфекция жүргізіледі.

 
Баспасөз конференциясы барысында Н. Табынбаев бүгінде Алматыда коронавирустық инфекцияның 70 786 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 54 846 симптомды, 15 940 симптомсыз, 1809 анықталмаған пневмония жағдайлардың тіркелгенін айтты. 66 945 адам КВИ-ден жазылып шықты.
 

Қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 1258 адам ем алуда. Қалада барлығы 3 640 төсек-орын бар. Ауруханаға жатқызу деңгейі 190-200-ден (мамыр айының ортасынан) тәулігіне 80-90-ға дейін төмендеді. Өткен тәулікте 54 науқас ауруханаға жатқызылды", — деді Н. Табынбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны