30.12.2021, 14:38 18406

Алматыда №7 ҚКА қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты ашылды

Бөлімше барлық заманауи талаптарға сай.
Алматыда №7 ҚКА қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 30 ЖЕЛТОҚСАН - Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту шаралары аясында салынған №7 ҚКА қабылдау бөлмесін аралап көрді.
 
Медициналық мекемені кеңейту Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жол картасы аясында жүргізілді. Бөлімше барлық заманауи талаптарға сай. 
 
Қабылдау бөлімі қуатты автономды желдету жүйесімен, заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томографпен, рентген қондырғысымен, УЗИ аппараттарымен жабдықталған. Бұдан басқа, операциялық залдар, сондай-ақ реанимациялық және қарқынды терапия палаталары қарастырылған. 
 
Қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты барлық санитарлық және техникалық нормалар мен стандарттарға сай әрі білікті көмек көрсету үшін медициналық персонал дайындалған. 
 
Жаңа ғимарат жылына 100 мыңға дейінгі науқасты қабылдауға есептелген. Тәулік сайын қалалық клиникалық ауруханаға 300-ден 500-ге дейін пациент жүгінеді. Жылына – 80 мыңнан астам адам, оның 25 мыңға жуығы стационарда емделуде. 
 
Бұған дейін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Наурызбай ауданындағы №36 емхана мен Алатау ауданындағы №25 емхана жанынан заманауи КТ-орталықтары ашылған болатын. Осының арқасында жоғары мамандандырылған медициналық-диагностикалық көмек алу үшін қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы пациенттердің патологияларын ерте анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. 
 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны