Алматыда аптасына 10,5 мыңға жуық қала тұрғыны коронавирус жұқтырады - Бекшин
Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500-ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелді", - дейді ол.
Оның айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны сәл төмендеді.
Тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5%-дан бүгінгі күнге 1,22%-ға дейін төмендеді. Десекте, соңғы аптадағы "симптомдық" науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93%-дан 94%-ға дейін артты, бұл айналымдағы COVID-19 нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді", - дейді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған "дельта" штамының таралуына байланысты күрделене түскенін атап өтті.
Айта кетейік, мегаполисте шектеу шаралары жаз айының соңына дейін ұзартылды.
Сондай-ақ, ол коронавирусқа неғұрлым бейім контингент - 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар екенін атап өтті.
Көбіне 20-39 жас аралығындағы жастар ауырды. Олардың үлесі 35,6% болды. 40-59 жас аралығындағы контингенттің 24,2% және 60 жастан асқандардың 23% тіркелген, бұл барлық жағдайлардың 83% - ын құрайды. 60 жастан асқан адамдардың ауыр халде және 1 жасқа дейінгі балалардың сырқаттанушылығының 1,5% - ға тұрақты өсуі алаңдатады",-дейді Жандарбек Бекшин.
Спикер брифинг барысында қалада инфекция жұқтыратын негізгі бес орынды атады.
Ең бірінші орында сауда нысандары - 35 пайыз. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3 пайызға өсті. Кейін отбасындағы байланыс - 18 пайыз, қоғамдық көлікте - 17,6 пайыз. Өсім - 1,4 пайыз. Төртінші - базарлар. Адамдар негізінен, 13 пайызы, азық-түлік базарында вирус жұқтырған. Бесінші - отбасылық іс-шаралар, той, мереке, қоғамдық шаралар. Тамыздан бастап барлық өңірде тойлар көбейіп жатыр. Онда вирус жұқтырғандар саны 2,1 пайызға көбейгенін айтқым келеді", - деді Жандарбек Бекшин.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.