02.03.2023, 13:58 42456

Алматыда байланыс пен интернет сапасын жақсарту үшін діңгек құрылымдарын орнату жоспарлануда

Алматыда байланыс пен интернет сапасын жақсарту үшін діңгек құрылымдарын орнату жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Келесі аптада қаладағы барлық ұялы байланыс операторларымен кездесу өтеді

Алматы. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисте интернеттің сапасы мен жылдамдығы қалай арттырылатынын айтты.

Қала әкімімен кездесуге келген Медеу ауданы тұрғындарының бірі ұялы байланыс пен интернет мәселесін көтерді. Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаевтың айтуынша, Медеу ауданында мобильді интернет жұмыс істейді, бірақ радиофобия мәселесі бар.

Жақында бір станцияны алып тастадық. Тұрақты талшықты-оптикалық байланыс желісіне келетін болсақ, бұл мәселені жыл соңына дейін шешуді жоспарлап отырмыз. Нүктеде кем дегенде екі оператор пайда болады", - деді ол.


Ерболат Досаев қаладағы ұялы байланысты жақсарту үшін жаңа діңгекті стансалар салынатынын айтты.

Стационарлы интернет бойынша уайымдамаңыздар, желілер жыл соңына дейін тартылады. Ұялы байланыс операторлары мәселесі бойынша жаңа жоба басталып жатыр. Діңгекті құрылымдар салып, ұялы байланыс операторларына рұқсат береміз. Келесі аптада қаладағы барлық ұялы байланыс операторларымен кездесу өткіземін. Ұсыныстар бар, техникалық жағынан дайынбыз. Олармен келісімге келсек, байланыс сапасы нашар ықшамаудандарға орнатуды бастаймыз", - деді Ерболат Досаев.


Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алқасының отырысында Мусинді Қазақстандағы интернет сапасының төмендігі үшін сынға алған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны