22.08.2022, 17:17 23656

Алматыда бір тәулік ішінде 114 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды

Алматыда бір тәулік ішінде 114 мопед жүргізушісіне айыппұл салынды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 22 ТАМЫЗ - Алматыда 114 мопед жүргізушісіне бір тәулікте 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 
 

Жазғы кезеңнің басталуымен мопедтер мен электросамокаттарды тізгіндеушілердің саны артты және соның салдарынан олардың қатысуымен болатын ЖҚЕ бұзу саны да көбейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мобильді көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 4 есеге артқан", - деп хабарлайды Polisia.kz.

 
Полицияда баламалы көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілгенін атап өтті. 
 

Мәселен, алдын алу іс-шарасының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер, мопед жүргізушілері жасаған ҚР ЖҚЕ бұзудың 114 дерегін анықтады. Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 мың 364 теңгені құрады", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев. 

 
Спикердің айтуынша, биылғы жылдың 6 айында Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 81 адам жарақат алса, тағы біреуі қайтыс болды. Самокат пен скутерде балалардың қатысуымен 21 ЖКО тіркеліп, салдарынан 23 бала жарақат алды.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев электросамокат жүргізушілеріне куәлік қажет пе және жүргізуші қанша жаста болуы керек деген сұраққа жауап берді
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны