09.08.2021, 21:28 8537

Алматыда биыл бірнеше жол айрығы ашылады

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай Алматыда 350 шақырым жол салынады.
АЛМАТЫ. 9 ТАМЫЗ - Алматы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жол құрылысы және жаңа жол айрықтарының ашылуы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мырзахановтың айтуынша, қазіргі уақытта үш жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Биыл Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрығында көлік құралдарының қозғалысын ашу жоспарлануда, келесі жылы Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі - Құлжа трактісіндегі жолайрықтарын іске қосу жоспарлануда.
 

Сонымен қатар, төрт көшені үңгілеу туралы да айтты. Жыл соңына дейін Абай даңғылы, Алатау көшесі мен Әуезов көшесі бойында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, көліктер қозғалысын ашу жоспарлануда. 2023 жылы Сайын көшесіндегі жұмысты аяқтау жоспарлануда", - деді Мырзаханов.

 
Ол 2025 жылға қарай Алматыда 350 шақырым жол салынатынын атап өтті.
 

Ағымдағы жылы ұзындығы 206 шақырым болатын 212 көшедегі жолдарды орташа жөндеуді жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде ұзындығы 43 км 20 негізгі көшеде: Рысқұлов даңғ., Сүйінбай даңғ., Сәтбаев көшесі, Кудерин көшесі, Жансүгіров көшесі, Райымбек көшесі, Яссауи көшесі, Шаляпин көшесі, Момышұлы көшесі, Жандосов көшесі Сейфуллин көшесі, Құрманғазы көшесі, ШААЖ, ТР Халиуллин көшесі – Құлжа тракты, Солтүстік айналма көшесі, Бурундайская көшесі, Тәттібеков көшесі, Омаров көшесі, Төле би көшесі. Қазіргі кезде 95 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 12 негізгі көше, ұзындығы 24 км, жергілікті 83, ұзындығы 68,2 км. 39 көшеде жұмыс жүргізілуде. Жол жұмыстарын аяқтау және көліктердің негізгі көшелер бойымен өтуін қамтамасыз ету қыркүйек айының соңына дейін жоспарланған. Барлық басқа аудандық маңызы бар көшелерде жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп қосты Алматы ҚМБ басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны