05.11.2024, 16:30 53976

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты
Осы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында (3 жасқа дейін) мүгедектікті төмендету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде ерте араласу орталығы құрылды. 2 МСАК орталығы мен 1 емхана, сондай-ақ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа корпусы ашылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылдың соңына дейін 2 жаңа емхана салуға және 5 ірі аурухананы жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетін болады.

Айта кетерлігі, 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге, 2025 жылы тағы 2,6 есеге 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны