01.12.2022, 12:23 27166

Алматыда екі бағытқа сыйымдылығы 85 жолаушыдан асатын газ автобустары шығады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдан кейін қалада дизельді автобустар қалмауы тиіс екенін атап өтті
Алматы. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 желтоқсанна бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
 
Ведомствоның мәліметі бойынша, енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Автобустар табиғи газбен жүреді, пандус пен ауа салқындатқышпен жабдықталған.
 
Бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға дейін болған.
 
Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өткен жөн. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешімін табатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті ескірген және экологиялық емес көлік түрлерінен бас тарту керектігін атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизельді автобустар қалмауы тиіс-оның орнына газ және электр тартқыш құрамдар жүретін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны