21.07.2022, 14:59 20466

Алматыда Гагарин даңғылындағы терек заңсыз кесілді

Алматыда рұқсатсыз ағаш кескендерге әкімшілік хаттама толтырылып, орнына 150 дана жапырақты ағаш отырғызу міндеттелді.
Алматыда Гагарин даңғылындағы терек заңсыз кесілді
АЛМАТЫ. 21 ШІЛДЕ - Алматыда рұқсатсыз ағаш кескендерге әкімшілік хаттама толтырылып, орнына 150 дана жапырақты ағаш отырғызу міндеттелді.
 
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мекеме Гагарин даңғылы, 80 мекенжайында ағаш кесуге рұқсат берген жоқ.
 

Осы факт бойынша Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен бірге оқиға орнына бардық. Тексеру барысында 3 теректің бұтасын отап тастау фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексінің 386-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 150 дана жапырақты ағаш отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады", - деп хабарлады басқармадан.

 
Белгілі болғандай, ағаштарды кесуге тапсырысты жоғарыда көрсетілген мекенжайда медицина орталығының құрылысын жүргізіп жатқан азамат Б.К. Бекмусаев берген.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны