31.03.2023, 10:54 51306

Алматыда көктемде 10 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Ағаштардың дені Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылады
Алматыда көктемде 10 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Алматы. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу маусымы басталады. Осы көктемде 10 мыңнан астам, оның ішінде "Жасыл аула" науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, көшет егу жоспарланған, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, сәуірдің бірінші онкүндігінде (1, 2 және 8, 9) қала тұрғындарына 2638 шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның беріледі. Егу науқаны мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Ағаштардың дені Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылады, онда әлі де жасыл желектер аз.

Негізгі ағаш отырғызу науқаны күзде қолға алынады. Қала билігі биыл күзде 300 мыңнан астам тал егуді жоспарға енгізген", - деп қосты баспасөз қызметі.


Еске салайық, Алматыда тағы бір тұрғын үй кешенін салу үшін жүздеген көпжылдық ағаштар оталған болатын. Сондай-ақ Алматыда белсенді құрылыс салдарынан Қызыл кітапқа енген көктемгі гүлдердің жойылып жатқаны хабарланды.

Нұрлытау шағын ауданында 63 жеміс ағашы рұқсатсыз кесіліп, келтірілген шығын 3,6 миллион теңгеден асқан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны