14.01.2022, 16:30 49321

Алматыда карантин күшейтілуде

Алматыда карантин күшейтілуде
АЛМАТЫ. 14 ҚАҢТАР - Алматының бас санитариялық дәрігері Омикрон штаммының таралуына байланысты карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыға сәйкес, Алматы қаласының тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:
 
- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу;
 
- қоғамдық орындарға, оның iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
 
- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде ("қызыл" статус) және науқаспен жақын байланыста болған кезде ("сары" статус) - 14 күн iшiнде өзін оқшаулау режимі.
 
Меншік нысанына қарамастан, қала мектептері қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.
 
Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқытудың аралас форматы орындалады: барлық дәрістер - онлайн, практикалық сабақтар - штаттық форматта.
 
Сонымен қатар, қаулыға сәйкес, кәсіпорындар, мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар персоналының кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс форматына ауыстырылуы тиіс.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
Өткен тәулікте қалада коронавирус ауруының 1 115 жаңа жағдайы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны