06.08.2021, 20:49 12746

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды

АЛМАТЫ. 6 ТАМЫЗ - Өткен аптада, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, КВИ жағдайларының тіркелуі 1,5 есеге - 8 393-тен 12 432 жағдайға дейін өсті. Бұл туралы Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бекшиннің айтуынша, КВИ жағдайларының тіркелуі өсуде, бірақ өткен күндермен салыстырғанда тәуліктік өсім 1,7%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді, R-саны - 1,2-ден 1,07-ге дейін.
 
Алматы қаласының СЭБД басшысы 8-20-маусым аралығында эпидемияның үшінші толқыны тұрақтанғаннан кейін, "британдық" COVID-19 нұсқасының пайда болғанын, 20 шілдеден кейін эпидемияның төртінші толқыны басталғанын атап өтті. Ол іс жүзінде ағымдағы жылдың 30 шілдесінен бастап, күніне шамамен 1,5-1,6 мың жағдай тіркелуде. 
 
КВИ жағдайлары бойынша апталық тіркеудің өсуі аурудың тамыз айының соңына қарай 12 мың жағдайға төмендеуі мүмкін деп болжанады. 
 
Сондай-ақ, санитариялық дәрігер коронавирус инфекциясы жиі жұғатын негізгі орындарды атады.
 
Ж. Бекшиннің айтуынша, соңғы 7 күнде КВИ жұқтырудың негізгі орындары – сауда объектілері - 30%, отбасылармен байланыс - 18%, қоғамдық көліктер - 15%, базарлар - 13%, демалыс үшін саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшелері - 4,6%, дәріханалар - 4,1%, басқа өңірлерге және қала маңындағы аймақтарға бару - 3%. 
 
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, қала тұрғындарын вакциналану көрсеткіші қазіргі уақытта күніне 7 мыңнан астам адамды құрайды. 
 
Ж. Бекшин сонымен бірге, 1 жасқа дейінгі балалар ауруының өсуін жалғасып жатқанын атап өтті. Өткен аптада 224 бала болса, осы аптада 238 бала тіркелді. 14 жасқа дейінгі балаларда аурудың төмендеуі байқалады - 878 бала өткен аптада 1099-ға қарсы. Жалпы алғанда, КВИ жағдайы 20-40 жас аралығындағы жастарда басым - 38%, 40-59 жастағы азаматтарда - 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%. 
 

Өткен 7 күнде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында инфекция жұқтырғандардың үлес салмағы бұрынғыдай жоғары - 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері - 18,4%, зейнеткерлер - 17,3%, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында - 9,2% және мектепке дейінгі балалар - 6,0%. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауыратындардың жалпы санының 92%-ын құрайды, оған профилактикалық іс-шаралар бағытталуы тиіс", - деді Ж. Бекшин. 

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда өткен тәулікте КВИ ауруының 1 507 жаңа жағдайы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны