29.03.2021, 20:25 9601

Алматыда КВИ-ден 900 мың адамға дейін егу жоспарлануда

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали мәлім етті.
АЛМАТЫ. 29 НАУРЫЗ - Алматыда жыл соңына дейін 900 мың адамға вакцина егіледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали мәлім етті.
 

Сәуір айының бесі күні біз вакцинаның 14 900 дозасын аламыз. Қалған дозалар бір ай ішінде жеткізілуі керек. Жалпы, бұған барлық медициналық ұйымдар дайын. Сонымен қатар, әкімнің тапсырмасы бойынша және министр А. Цойдың сапарынан кейін қалада 250-ге дейін вакцинация пункті дайындалуда. Жыл соңына дейін 900 мың адамға дейін вакцина егу жоспарда", - деді ол.

 
Өз кезегінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова барлық егу пункттерінде барлық санитарлық нормалар мен ережелер сақталатынын айтты. Вакцинация алдында тексеру және термометрия жүргізіледі. Вакцинацияға дәрігерден рұқсаты бар адамдар жіберіледі. Вакцинацияны медициналық қызметкер жасайды, оның нұсқаулықтан өткендігі туралы куәлігі болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздағы 23.59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 241 873 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1 492 жаңа жағдайы тіркелді. Елімізде барлығы 241 873 жағдай расталды, оның ішінде Алматыда - 33 012 (+415).
 
Алматыда 1 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус ауруының өсуі байқалады. Қалада КВИ пандемиясымен күресу үшін дайындалған инфекциялық төсектердің жетіспеушілігіне байланысты реанимациялық төсектердің санын көбейту туралы шешім қабылданды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны