23.08.2024, 12:32 87241

Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады
Құлжа тас жолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны