08.12.2022, 11:26 31081

Алматыда Медеу ауданындағы тау баурайында салынған үйлерге сараптама жүргізіледі

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тау баурайында салынған үйлерге қауіп төніп тұр, себебі 2019 жылдың соңында орнатылған құрылым енді топырақ көшкініне бөгет бола алмайды
Алматыда Медеу ауданындағы тау баурайында салынған үйлерге сараптама жүргізіледі
Сурет: Depositphotos
Алматы. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласының әкімдігі Медеу ауданындағы тау баурайында салынған үйлерге қосымша сараптама жүргізеді, бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды.

Медеу ауданының тұрғыны Алматы әкімі Ерболат Досаевқа тау баурайында салынған үйлерге қауіп төніп тұрғанын айтып, шағымданды.

Тұрғының айтуынша, 2019 жылдың соңында орнатылған құрылым енді топырақ көшкініне бөгет бола алмайды. Канализация мен су құбыры істен шыға бастады. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин аталған жерге тұрғындармен бірге барып, аумақты аралып шыққандарын айтты.

Учаскеде мезгіл-мезгіл істен шығатын кәріз жүйесі заңсыз орнатылған. Бүгінгі күні тәуелсіз сараптама жүргізілді, бұл габион құрылымы дұрыс орнатылғанын және құрылыс ережесі мен нормаға толық сәйкес келетінін көрсетеді. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, көктемде мемлекет қаражаты есебінен қосымша сараптама жүргізіп, содан кейін шешім қабылданатын болды", - деді ол.


Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Әлібеков тәуелсіз сараптама жүргізілгенін атап өтті. Мамандардың бағалауынша, габиондардың жағдайы қанағаттанарлық.

Қала әкімі Ерболат Досаев әкімдік деңгейінде қосымша сараптама жүргізілетінін қосты. Қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Қажет болса ақша бөліп, қажетті жұмыстарды жүргіземіз. Бұл ретте сараптама қазіргі жағдайының бір себебі кәріз жүйесі екені анықтаса, ол бойынша тиісті шешім қабылданады", - деді әкім.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны