17.02.2023, 10:46 53206

Алматыда мопед пен электрлі самокат жүргізушілеріне қашан айыппұл сала бастайды

Электрлі самокат пен мопедтері көлік деп танылған кезде полиция жүргізушілерге айыппұл сала алады
Алматыда мопед пен электрлі самокат жүргізушілеріне қашан айыппұл сала бастайды
Сурет: Depositphotos
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев электрлі самокат пен мопедтерді пайдалану мәселесіне түсініктеме берді.

Оның айтуынша, мопед пен электрлі самокат мінгендерге полиция ештеңе істей алмай отыр.

Мопедпен тамақ жеткізушілердің көлік құралын жүргізу куәліктері де жоқ. Олар кез келген жермен жүре береді, бағдаршамдарға тоқтамайды. Оның үстіне, 16-18 жастағы балалар. Олар жол бойында басқа жүргізушілерге де қауіпті жағдай туғызады. Сондықтан, бұл мәселені шешуіңізді сұраймын", - деді әкімге аудан тұрғыны.


Ерболат Досаев қазіргі таңда мопед пен электрлі самокаттар көлік құралы болып саналмайтынына тоқталып, сол үшін полиция оларға ештеңе істей алмай отырғанын жеткізді.

Дегенмен, Ішкі істер министрлігі мопед пен электросамокатты көлік құралы қатарына қосу туралы Парламент Мәжілісіне заң жобасын ұсынған болатын. Көктемде Парламент Мәжілісінің сайлауы өткен соң, депутаттар заң жобасын қарап, оны қабылдайды деп үміттенемін. Көлік құралы болып танылған соң, полиция жүргізуші куәліктерін талап етіп, олардың жүру ережелерін реттейді", - деді Ерболат Досаев.


Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда мопедтер мен электрлі самокат қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 81 адам жарақат алды. Бұл ретте 21 ЖКО балалардың қатысуымен самокат пен скутерлерде орын алды. 23 бала жарақат алды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны