26.11.2021, 17:35 38693

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік айрығының құрылысы аяқталуда

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көлік жолайрықтарын, метро станцияларын салу және Абай даңғылын ұзарту барысын тексерді.
АЛМАТЫ. 26 ҚАРАША - Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көлік жолайрықтарын, метро станцияларын салу және Абай даңғылын ұзарту барысын тексерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяқталуда. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакадада жол жабынын орнатуға дайындық жүргізілуде. Жақын орналасқан аумақ абаттандырылуда. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Бұрындары жеке бүйірлі съездер бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойынша көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойынша – 40 мыңға дейін арттырады", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Сонымен қатар, Алматы әкімі Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі ұзындығы 3,5 км учаскенің құрылысы аяқталып қалған Абай даңғылын ұзартудың барысымен танысты. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ қарастырылған. Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салу жалғасуда. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша сызба бойынша ұйымдастырылады.
 
Алматы әкімі Б. Сағынтаев сондай-ақ аралық тоннельдерден және "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" екі станциядан тұратын метрополитеннің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылуда және электромонтаж жұмыстары жүргізілуде.


Еске сала кетейік, метрополитен желісін "Алтын Орда" базарына дейін ұзарту жоспарланып отыр. Метро құрылысының жобасы өзгеріп, бекітілді. Бұл туралы кеше өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті.
 

Енді метрополитен желісі Қалқаман кенті арқылы емес, жаңа Наурызбай ауданы арқылы батысқа қарай Алатау көшесімен өтеді. Қосымша екі станция салынады, соңғы станция "Алтын Орда" базарында болады", - деді ол.

 
Бұлардан өзге, мегаполис әкімі Жандосов көшесіндегі БРТ желісі бойынша көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарының ауқымын бағалады. Сүлейменов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі учаскенің ұзындығы 1 км. Осылайша, Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін ұзындығы 8,7 км БРТ желісінің бірінші учаскесінің құрылысы аяқталады.
 
Жұмыс сапары кезінде Б. Сағынтаев Қалқаман-2 шағын ауданындағы 1800 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны