10.03.2021, 19:08 14888

Алматыда шектеу шаралары күшейтіледі

Алматы. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы эпидемиологиялық жағдай деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа енді. Мегаполистегі жағдайдың ушығу себептері және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті ұсынымдар туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалықованың айтуынша, Алматыда коронавирустық инфекциямен ауыратындар санының өсуі бірден бірнеше себепке байланысты. Оның ішінде ауа райының жылынуымен қалалық және қала маңындағы тұрғындардың әлеуметтік байланыстарының артуы. Спикердің айтуынша, науқастардың 22% - ы сауда объектілерінде, 18% - ы қоғамдық көлікте жұқтырған.
 

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда жұқтырған отбасы мүшелеріне жұқпаның тізбекті берілуі (отбасыларда 33% жұқтырған); Отбасылық іс-шаралардың 3%-ға ұлғаю(бұрын – 0,2%); Мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін оқудың басталуымен байланысты артуы (14 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 22,4% - ға артты -соңғы 7 күнде 138-ден 169 жағдайға дейін); Оң ПТР-тесттері бар азаматтардың өзін-өзі оқшаулау режимін жиі бұзуы (КВИ-дің симптомсыз және жеңіл түрлері)", - деді Қалықова.

 
Ол кез-келген мерекелер қарым-қатынас пен байланыстардың артуын білдіретінін, осыған байланысты соңғы мерекелер де жағдайдың нашарлауына ықпал еткенін атап өтті. 
 

Өздеріңізге белгілі, бүгіннен бастап Алматы қаласы эпиджағдайды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтті, сондықтан жақында шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар жасауға бағытталған Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына қол қойылады", - деді Қалықова.

 
Оның ақпараты бойынша, жылы ауа-райында әлеуметтік байланыстар артып, жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де артады. Көшедегі байланыс кезінде тығыз және ұзақ қарым-қатынас кезінде және де әдеттегідей, жастар кездесу кезінде қол беріп, бет сүйіп амандасу кезінде жұқтыру мүмкін.
 

Маска режимін сақтау инфекцияның берілу қаупін азайтады, сәйкесінше,азаматтардың маска режимін сақтамауы инфекциясының өсуіне әсер етті", - деп еске салды ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны