18.01.2022, 18:33 33541

Алматыда террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі сақталуда

Алматыда террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі сақталуда
Сурет: gov.kz
АЛМАТЫ. 18 ҚАҢТАР - Алматы қаласы аумағында антитеррорлық операциялар режимі және террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі әлі сақталуда. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан мәлім етті.
 
Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қаласының Полиция департаменті, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етуде. Блокпостар жұмысын жалғастыруда. 
 

Террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Сондай-ақ шерулер мен митингілерге тыйым салынады. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Антитеррорлық операциялар режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады", - деді штабта.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны