23.07.2024, 16:34 64856

Алматыда жолайырыққа бұрылатын жолдар түнде жөндеуге байланысты жабылады

Алматыда жолайырыққа бұрылатын жолдар түнде жөндеуге байланысты жабылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағы орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. 24 шілде сағат 23:00-ден 25 шілде сағат 6:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы бұрылысқа қарай қозғалыс жабылады. Соқпақбаев, Сусанин, Крылов және Сахалинская көшелері арқылы айналып өтуге болады. Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны