10.11.2022, 15:04 33756

Алматыда жыл соңына дейін 600-ге жуық бейнекамера орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін 600-ге жуық бейнекамера орнатылады
Алматы. 10 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін адамдар көп жиналатын жерлерде 597 бейнекамера орнатылады, деп хабарлады Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаев.
 

Қолданыстағы 490 камераға арналған 86 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосымша 2023 жылдың I тоқсанында 399 камераға қосымша тағы 85 "Сергек" АБК орнатылады", - деді қала басшысы.

 
Жалпы, ол барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Жетісу ауданы бойынша камералардың жалпы санын 996 бірлікке дейін арттырамыз деп атап өтті.
 
Бұған дейін Алматыда 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны