21.09.2022, 15:46 16276

Алматының екі ауданындағы бірқатар үйлер су таратқыштағы апат салдарынан сусыз қалды

Алматының екі ауданындағы бірқатар үйлер су таратқыштағы апат салдарынан сусыз қалды
АЛМАТЫ. 21 ҚЫРКҮЙЕК - "Атырау" шағын ауданы аумағындағы Талғар су таратқыштың бірінші тармағында апат болып, жер асты құбыры зақымдалды. Осыған байланысты су таратқыш сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылды.
 
 "Алматы су" МКК мәліметінше, судың ағып кетуі салдарынан 1 жер үйдің ауласын су басып қалды. Апат болған жердегі суды өзенге бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 

Апатты қызметтер абоненттерді апатты су таратқыштан басқа су таратқыштарға ауыстыру арқылы сумен жабдықтау сызбасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде суды өшіру аймағы барынша қысқартылды", - деп хабарлады компаниядан.

 
Апатты жағдай жойылғанға дейін 21 қыркүйек сағат 8:45-тен бастап келесі мекенжайлар бойынша орналасқан ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру тоқтатылды:
 
- Медеу ауданы- "Атырау" шағынауданы, 9 екі қабатты үй, 20 ЖТҚ, Атырау қазандығы:
 
- Түрксіб ауданы, Айша-бибі шағын ауданы, Волочаевская көшесі, 200 ЖТҚ, 5:
 
ЖЭО-ға және басқа абоненттерге су беру штаттық режимде жүргізіледі. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны