24.03.2021, 20:10 11399

Алматының екі ауданының тұрғындары суық сусыз қалады

Енгізілген шектеулер жаңа су құбыры желілеріне қосылу үшін қажет.
АЛМАТЫ. 24 НАУРЫЗ - 25 наурызда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Әуезов ауданының Мамыр-3 (№ 14, 15, 16, 17, 17/1) және Мамыр-4 (жеке сектор) шағын аудандары аумағында орналасқан ғимараттарға суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Алматы су" МКК хабарлағандай, 26 наурызда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Бостандық ауданындағы Навои - Торайғыров - Щепкин - Декарт - Саин көшелерінің контурларында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды сумен жабдықтау тоқтатылады.
 

Енгізілген шектеулер жаңа су құбыры желілеріне қосылу үшін қажет. Ажырату кезінде әлеуметтік сала объектілеріне автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады", - деп хабарлады "Алматы су".

 
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны