29.04.2022, 19:06 23176

Қаржы пирамидасы ісі бойынша ұсталған вайнерлерге қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Қаржы пирамидасы ісі бойынша ұсталған вайнерлерге қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 29 СӘУІР - Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынды.
 

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін 2 ай мерзімге ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада. 

 
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынғаны хабарланған болатын. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері 2 миллиард теңгедей. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған. 

Блогерлер мен әртістер қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла бастайды.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны