14.06.2021, 22:55 9827

Ashyq Нұр-Сұлтанның ХҚКО-ларында енгізілді

17 маусымнан бастап Ashyq жобасы "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешенінде жұмыс істей бастайды.
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Елордалық ХҚКО-лар Ashyq арқылы клиенттерді қабылдауға көшті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы № 27) қаулысына сәйкес, еліміздің барлық қаласындағы ХҚО-лар да клиенттерді Ashyq сервисі арқылы қабылдайтын болады. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезекті брондамай-ақ ала алады. 
 

Қалалардың әрбір фронт-офисінің кіреберісінде сканерлеу үшін арнайы дербес QR код ілінген. Бұл заманауи сервис негізінде ХҚО-лар клиенттерді көбірек қабылдап қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлер мен келушілердің аман-саулығын қамтамасыз ете алады. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз", – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы Әділ Қожықов. 

 
Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Егер азаматтардың смартфонында Ashyq қосымшасы болмаса, олар таяуда ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады. Тіпті аталған қосымшалар болмаған жағдайда, азаматтардың мәртебесін ХҚО қызметкері ұсынған ЖСН бойынша анықтай алатын болады. 
 
Сонымен қатар, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, 17 маусымнан бастап Ashyq жобасы "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешенінде жұмыс істей бастайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны