29.07.2021, 19:26 9448

Алматыда Ashyq жүйесіне кірмеген нысандар екі аптаға жұмысын тоқтатады

АЛМАТЫ. 29 ШІЛДЕ - Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулының қабылдануымен қандай шектеулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY logo Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, егер қазір Ashyq жүйесіне кірмейтін объектілер 17.00-ге дейін жұмыс істесе, онда жаңа қаулы қабылданғаннан кейін аталған ұйымдар өз қызметін 2 аптаға тоқтатады.
 

Ал Ashyq жүйесіне кіргендер 20.00-ге дейін жұмыс істейді", - деді бас санитариялық дәрігер.

 
Бұған дейін Бекшин Алматыда шектеу шаралары туралы жаңа қаулы қабылданатынын хабарлаған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны