23.08.2024, 21:47 91121
Астанада "Мектепке жол" акциясы аясында 200-ден астам балаға оқу құралдары таратылды
Достарға айту
Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Аналар кеңесінің, "Жомарт жан" орталығының қолдауымен өткен іс-шарада 200-ден астам балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.
Игі шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов қатысып, акцияға қолдау көрсеткен барлық жанашыр жандарға алғыс білдірді.
Бүгін елорда тұрғындарымен бірге жыл сайын дәстүрге айналған "Мектепке жол" республикалық акциясының куәгері болып отырмыз. Бұл акция Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр. Балаларға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтар беріледі. Осы орайда акцияға атсалып, көмек көрсеткен қалалық Қазақстан халық Ассамблеясына және демеушілерге алғысымды білдіремін", - деді басқарма басшысы.
Астана қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Әміржан Әлпейісов акцияның мақсатына тоқталып өтті.
Бүгінгі акцияның мақсаты - оқушыларды мектепке қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға жаңа оқу жылы аясында әлеуметтік қолдау көрсету. Аталмыш акцияға елордалық ҚХА жыл сайын белсенді түрде қатысып келеді", - деді Әміржан Әлпейісов.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында демеушілік қаражаты есебінен керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.
Бұл акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.09.2024, 15:45 316
Алматыда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша стартап-жобаларды іріктеу бойынша хакатон өтті
Достарға айту
Алматы қаласында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновацияларды дамытуға бағытталған стартап-жобаларды іріктеу бойынша алғашқы хакатон өтті. Іс-шара ITMLab жобасы аясында ұйымдастырылды, оны ITeachMe қоры мен "Шеврон" компаниясы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады. Ең ерекше және пайдалы жобалардың бастамашылары оларды іске асыруға гранттар алады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Хакатонға Алматы қаласынан 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде стартаперлер, инженерлер, IT-мамандар және мүгедектігі бар адамдар бар. Олар мүгедектігі бар адамдардың күнделікті міндеттерін оңалту және жеңілдету үшін озық техникалық шешімдерді әзірлеумен айналысты. Іс-шараның басты міндеті - өзекті қажеттіліктерге жауап беріп қана қоймай, мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толық интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық өнімдерді құруды қолдау.
ITMLab - бұл технология тек бизнеске ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өзгерістердің, инновациялар арқылы инклюзияны дамытудың қуатты құралы бола алатындығын көрсету мүмкіндігі. ITMLab жобасы бизнес, мемлекет және қоғамдық бастамалар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік интеграциялау және қолдау үшін инновациялық шешімдерді бірлесіп жасауға қалай ықпал ете алатынының жарқын мысалы болды", - деп атап өтті жоба авторы және жетекшісі Захира Бегалиева.
Іс-шараға дайындық барысында мүгедектігі бар азаматтар арасында күнделікті кездесетін негізгі кедергілер мен проблемаларды анықтау үшін ауқымды сауалнама жүргізілді. Зерттеу хакатон қатысушыларына ең өзекті қажеттіліктерге назар аударуға және шын мәнінде сұранысқа ие шешімдерді ұсынуға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 10 команда трекерлік кезеңіне өтті. Олар 4 апта бойы кәсіби оқытушылардың басшылығымен өз идеяларын дамытады.
1,5 ай оқығаннан кейін ең ерекше және пайдалы жобалардың бастамашылары өз жобаларын іске асыруға 1 млн теңге көлемінде 6 грант алады. Бұл құралдар технология барлық азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды құралы болатын инклюзивті қоғам құруға үлес қосу арқылы ең жақсы идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі.
ITMLab жобасы аясында екінші хакатонды осы жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында өткізу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 15:42 501
Астанада кезекті бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді
Достарға айту
Елорданың "Жастар" сарайында 19 қыркүйек күні бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Елорданың еңбек мобильділігі орталығы Еңбек күнін мерекелеу аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Іс-шара 19 қыркүйекте сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайындағы "Жастар" сарайында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2024, 16:19 8601
Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады
Достарға айту
Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған "Дүние дидарындағы Димаш" атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.
Көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.
Дүние дидарындағы Димаш" көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары ұсынылады.
Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:
Шабыт көздері" - әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекелеген заттар);
Даңққа апарар жол" - кәсіби білім жолында алған дипломдары, республикалық, халықаралық байқауларда иеленген марапаттары және т.б.;
Жанкүйерлер махаббаты" - әртістің жанкүйерлері тарту еткен сыйлықтар;
Ұлт мәдениетінің жаршысы" - әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін Димаштың заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және т.б.).
Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.
БАҚ өкілдерінің назарына! Аккредитацияны [email protected] поштасына 11 қыркүйек күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.09.2024, 13:28 26376
Мемлекет басшысы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отбасы күні қарсаңында Астанада "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның барлық аймағынан өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен отбасылар қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев байқау жеңімпаздарына арнайы сәлемін жолдап, құттықтау хатын жіберді. Президенттің жылы лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау хатында Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында отбасы институтын қолдау маңызды қадам екенін атап өткен. Сондықтан елімізде бұл бағытқа баса мән беріліп, жүйелі шаралар қабылданып жатқаны да айтылды.
Мерейлі отбасы" байқауы - ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға жол ашатын, өзіндік дәстүрі бар бірегей жоба. Халқымыздың асыл қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру - бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда әр отбасы айрықша рөл атқарады. Елімізде адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген өнегелі әулеттер аз емес. Бүгінгі салтанатты кеш - соның айқын дәлелі. Бұл байқаудағы әрбір отбасының жеңісін бірлігі жарасқан жұртымыздың мерейлі жетістігі деп бағалауға болады", - делінген Президенттің құттықтау хатында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.09.2024, 17:31 29211
Астанада 15 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады
Достарға айту
Астанада 15 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл біз мектептердің рекордтық санын тапсырамыз. Мысалы, оқу жылының басында 15 мектеп есігін айқара ашты. Олардың тоғызы - Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында.
Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Жаңа мектептердің арқасында оқыту 3 ауысымда жүргізілген 5 мектепте және оқыту режимі тығыздалған 4 мектепте мәселе шешілді.
Мектеп құрылысына да жеке инвестиция тартылады. Мысалы, "Сәби" қайырымдылық қоры қалаға жаңа мектеп сыйлады (Барыс Аренаның артында). Ғимарат №9 "Зерде" мамандандырылған лицейіне берілді.
Жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынуда. Мектептер қаланың барлық аудандарында орналасқан. Сондай-ақ алдағы жылдарға дайындалып жатырмыз", - деп жазды елорда әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.09.2024, 15:07 33296
Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда
Сурет: Акимат ВКО
Достарға айту
Усть-Каменогорск. 4 сентября. KAZAKHSTAN TODAY - Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған - белгілі Котлован жағалауында аумақты тазарту жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар жағалаудан 200 қап қоқыс жинап шығарды.
Бұл жер ресми түрде жағажай болып саналмайды, бірақ келесі жылы бұл жағалауда жаңа өзгерістер орын алмақ. Бүгінгі таңда су қоймаларын жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда.
Бүкіл балалық шағымыз осы су қоймаларда ойнаумен өтті деуге болады. Мұнда мен жүзуді үйрендім, отбасылық демалысты жиі өткізіп тұратынбыз. Жылдар өте келе мұнда қоқыс көбейіп, демалуға ыңғайлы болмады. Әрине, біз әр демалыстан кейін өз орнымызды жинаймыз, бірақ барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Қазір осындай үлкен ұжыммен қоқыстың көп бөлігін жинап, шығарғанымызға қуаныштымын", - дейді қала тұрғыны Ангелина Сидоренко.
Өскеменде барлығы 100-ден астам эко-шара өткізілді. 492 аумақ тазаланып, 3871 шаршы метр қоқыс шығарылды, Қазақстан тауында 500 көшет отырғызылды, рұқсат етілмеген үйінділер жойылуда. "Таза ойындардың" 2 маусымы өткізіліп, соңғы маусымында 130-дан астам адам тартылып, 3 тонна қоқыс шығарылды. Ең көп қоқыс жинаған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан көшесі қайта жөнделіп, Қабанбай батыр мен Пушкин көшелері бойында жаяу жүргіншілер аймағы және алаңдар абаттандырылуда, Назарбаев, Шәкәрім даңғылдары мен Қазақстан көшесі бойындағы үйлердің қасбеттері жөнделуде.
Қабанбай Батыр-Қазақстан, Қазақстан - М.Горький, Сәтбаев - Байбатчин қиылыстары аудандарында гүлдер отырғызылды, жаңа суару жүйелері іске қосылды.
Волонтерлер "Ардагерлерге тағзым" акциясы аясында жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрғын үйлердің аумақтарын тазалауға көмектесті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.09.2024, 16:08 37501
Жас ұрпақ бес кеселден азат болуы керек - Мұхтар Төлеген
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, оқытушылар, профессорлар мен студенттер ел дамуының негізгі бағдарламалық құжаты болып табылатын Жолдауды бірге тыңдады.
"С. Аманжолов атындағы ШҚУ" КЕАҚ басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген Президент атаған қоғамға қауіпті бес кеселге қатысты пікір білдіріп, университет базасында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.09.2024, 20:40 40661
Алматыда алғашқы "Жайлы мектеп" ашылды
Достарға айту
Алматыда алғашқы "Жайлы мектеп" ашылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әуезов ауданындағы "Жайлы мектепте" алғаш рет мектеп қоңырауы соғылды. Бұл мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан ұлттық жоба аясында Алматыда салынған алғашқы заманауи оқу орны. Ол 60 жыл жұмыс істегеннен кейін апатты деп танылған және бұзылған №97 мектеп-гимназияның орнында салынған.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова №97 мектеп-гимназиясының оқушылары мен педагогтарын құттықтады.
Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, ол білім әлеміне және жаңалықтарға өнер әлеміне және нақты ғылымдарға есік ашты! Биылғы жылы мектеп парталарына 307 мыңнан астам бала отырады. Жаңа оқу жылы бәріне қызықты әрі жемісті болсын, жаңа жетістіктерге қуаныш әкелсін!" - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.
Жаңа мектеп 600 орынды және барлық заманауи талаптарға сай. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар, оқу дағдылары, цифрлық технологияларды игеру, сондай-ақ бастауыш және орта мектеп сыныптары үшін бөлек блоктар қарастырылған.
Біз мектептің ашылуын асыға күттік. Кітапхана мен оқу кабинеттері заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, балалардың демалуына арналған коворкинг аймақтар, әр балаға арналған жеке шкафтар қарастырылған. Мектеп жас ұрпаққа жан-жақты білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашады. №97 мектеп бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Менің үлкен ұлым бірінші сыныптан бастап осында оқиды, 11-сыныпты бітіреді, ал биыл кіші ұлым алтыншы сыныпқа көшті. Менің балаларым мектепке үлкен қуанышпен барады, мектептегі іс-шараларға белсенді қатысады!" - деді оқушы анасы Оксана Қыстаубаева.
Биыл 338 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты, оның ішінде 216 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектептің іске қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.09.2024, 12:50Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды 13.09.2024, 12:53 2111Жоғары аудиторлық палата активтерді пайдалану тиімділігінің аудитін бастады13.09.2024, 13:09 1961Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасын қабылдады13.09.2024, 13:15 1916Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды13.09.2024, 13:17 1711Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігін қорғауда бірлескен оқу-жаттығу өткізді
10.09.2024, 14:07 65811Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды10.09.2024, 13:58 Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді65786Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді10.09.2024, 14:15 65776Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде10.09.2024, 13:54 65691Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді10.09.2024, 14:22 65606"Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті
28.08.2024, 18:38 115836Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11465639 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 110451Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 106201Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 106081Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді