30.11.2021, 19:49 19105

Қазақстан бірқатар елдерден кіруге шектеу қойып, Египетпен әуе қатынасын тоқтатады

Қазақстан коронавирустың жаңа Омикрон штаммының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап кейбір елдерден шетелдіктердің келуіне шектеу енгізеді.
Қазақстан бірқатар елдерден кіруге шектеу қойып, Египетпен әуе қатынасын тоқтатады
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - Қазақстан коронавирустың жаңа Омикрон штаммының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап кейбір елдерден шетелдіктердің келуіне шектеу енгізеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Коронавирус инфекциясының "Омикрон" штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда биылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды: Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу", - деп хабарлады Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

 
Сондай-ақ, "Омикрон" нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер – Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі.
 

"Омикрон"-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс", - деп толықтырды вице-министр.

 
Сонымен қатар, оның айтуынша, Бельгияда Египеттен келген адамнан "Омикрон" штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасы тоқтатылады. 
 
ҚР-да таралған короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу жұмыстары жалғастырылады.
 
Марат Шоранов Үкімет отырысынан кейін журналистерге хабарлағандай, бүгінгі таңда Қазақстанда Омикрон штаммы анықталған жоқ.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны