06.07.2022, 15:41 14021

Қазақстан Елорда күнін тойлауда

Қазақстан Елорда күнін тойлауда
НҰР-СҰЛТАН. 6 ШІЛДЕ - 6 шілдеде Қазақстанда "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР 2008 жылғы 25 маусымдағы №47-IV Заңына толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке - Елорда күні атап өтіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Астананы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру "Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы" ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі №106-XIII қаулысымен анықталған болатын (сондықтан да 6 шілде Астана күні болып саналады). Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы түпкілікті шешімді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады және 1997 жылғы 20 қазандағы №3700 Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы "Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы" 1998 жылғы 6 мамырдағы №3941 Жарлығымен елорданың атауы қайта өзгертілді.
 
1998 жылғы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті. Қала астана мәртебесін алған сәттен бастап Елорда күні 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.
 
2019 жылғы наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны