18.04.2022, 17:03 12381

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі өтуде

Қазақстан мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі өтуде
НҰР-СҰЛТАН. 18 СӘУІР - Қазақстандық мектептерде 4 және 9-сыныптардың 112 мыңнан астам оқушысы қатысатын оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады (ББЖМ) басталады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мониторинг еліміздің 1447 мектебінде өтетінін айтты, бұл барлық мектептердің 25%-ы.
 
Оның айтуынша, ББЖМ сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды.
 

ББЖМ – білім сапасын сырттай тәуелсіз бағалайды, ол оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жоюды көздейді", - деп түсіндірді вице-министр.

 
Ол мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленгенін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталғанын айтты.
 

Бұл білім сапасын ішкі қазақстандық зерттеу. Мониторинг жүргізу заңға былтырғы жылы енгізіліп, биыл мектептерде алғаш рет өткізіледі. Мониторинг мектеп базасында өтеді, оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады. Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ", - деп жазды Каринова Facebook-те.

 
Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланатын болады.
 

Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді", - деді Каринова.

 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық колледждер кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар даярлайтын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны