30.12.2024, 16:40 20786

Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды

Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, мұз айдындарында, су қоймалары маңында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі де маңызды рөл атқарады. От пен электр құрылғыларын қолдану кезінде, жаңажылдық гирляндалар, шамдар мен бенгал шамдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

Еске сала кетейік, осы оқу жылында қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны