26.10.2021, 20:19 52941

Қазақстан мен Словакия Пржевальский жылқысын табиғи мекендеу ортасына қайтаруға ниетті

НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - Қазақстан мен Словакия Пржевальский жылқыларын табиғи мекендеу ортасы - Қазақстан Республикасының аумағына қайтару туралы мәселені қарастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл бастама ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Милан Коллармен кездесуінде қаралды. Пірімқұлов Қазақстан тарапы Словакия тарапының атына осы мәселені шешу үшін қажетті Құжаттар тізбесін жібергенін және Словакия тарапынан жауапты тұлғаны белгілеу қажет екенін тілге тиек етті. Миллан Коллар мырза Пржевальский жылқысын реинтродукциялау мәселесін пысықтауды және одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты адамды белгілеуді Словакия тарапына жеткізетінін мәлімдеді.
 
Кездесу соңында тараптар Братислава қаласында 2022 жылғы наурызда өткізілуі жоспарланған Үкіметарлық комиссия шеңберінде екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарын неғұрлым егжей-тегжейлі талқылайтына келісті.
 

Осыған байланысты Словакияда перспективалы серіктестер табу үшін Қазақстаннан іскерлік миссияға қатысушылардың құрамын бірлесіп әзірлеуді ұсынамын", - деп атап өтті вице-министр.

 
Сондай-ақ, А. Пірімқұлов алдағы отырыс аясында Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа салаларын (қоршаған ортаны қорғау, геологиялық барлау және энергетика) қарастыруды ұсынды.
 
Тараптар бұл екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатынына сенім білдірді.
 
Айта кетейік, Қазақстан-Словакия Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының хаттамасына сәйкес екі ел арасында өнеркәсіп, энергетика, білім беру, туризм, сондай-ақ метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық бойынша уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
 
Сонымен қатар, А. Пірімқұлов қазақстандық тарап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен СР қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы жаңа редакцияда пысықталғанын хабарлады.
 

Бүгінгі таңда Словакия тарапының ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып, біз СР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыреті шеңберінде келісім жобасының жаңартылған мәтінін әзірледік және дипломатиялық арналар арқылы жібердік", - деді экология вице-министрі.

 
Бұл ретте елші мырза Үкіметаралық комиссия отырысы шеңберінде одан әрі қол қою үшін Келісім жобасын словак тарапымен келісуге жәрдем көрсететінін жеткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны