10.03.2023, 09:44 28301

Қазақстан мен Түрікменстан әуе қатынасын қалпына келтірді

26 наурыздан бастап тұрақты жолаушылар рейстері қайта жанданады
Қазақстан мен Түрікменстан әуе қатынасын қалпына келтірді
Сурет: Depositphotos
Астана. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
 

Осылайша, "Түрікменстан" әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

 
Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
 
Бұған дейін Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі іске қосылатыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны