27.08.2022, 09:55 14596

Қазақстан мен Вьетнам әуе қатынасын қалпына келтіру туралы келісті

Ағымдағы жылдың 10 қазанында алғашқы рейстің ашылуы жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - 23 тамызда ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фам Тхай Ньы Май және "Vietjet Air" әуе компаниясының өкілі Нгуен Чи Таммен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесу барысында Вьетнам тарапы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға дайындығын білдірді. Ағымдағы жылдың 10 қазанында Камрань - Алматы бағыты бойынша "Vietjet Air" әуе компаниясының алғашқы рейсін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, авиакомпания Камрань қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына рейстер ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен ұшатын болады", - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

 
Қазіргі уақытта "Vietjet Air" авиакомпаниясы Қазақстан аумағында шетелдік авиатасымалдаушы ретінде аккредиттеуден өтуге дайындалуда. 
 
Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.
 
Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей тұрақты әуе қатынасын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны