02.11.2021, 20:54 43627

Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып Meta (Facebook) компаниясының ішкі жүйесіне қол жеткізді

Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып Meta (Facebook) компаниясының ішкі жүйесіне қол жеткізді
Сурет: life.ru
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚАРАША - Meta (бұрынғы – Facebook) компаниясының Қытай, Орталық Азия және Моңғолиядағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның Орталық Азияда CRS компаниясының ішкі жүйесіне қол жеткізген алғашқы ел болғанын мәлім етті.
 

Meta-ның бүкіл әлем үкіметтері жергілікті заңнаманы бұзатын контент туралы хабарлай алатын арнайы онлайн-арнасы (Content Reporting System, CRS), бар. Қазақстан сол CRS жүйесінің бір бөлігіне айналды", - деп жазды Джоржд Чен Facebook-тегі ресми парақшасында. 

 
Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі Балалардың құқықтарын қорғау үшін зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға уағдаласқанын хабарланған болатын
 
Қазақстан Үкіметіне Facebook тарапынан қауіпсіздікті және ақпараттық кеңістікті арттыру мәселесін шешуге көмек көрсету үшін ішкі контент туралы хабарлама жүйесіне (Content Reporting System (CRS) тікелей кіретін мүмкіндік берілді. Соның арқасында ақпарат саласына жауапты министрлік Facebook-ке жаһандық саясаттың да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар контент туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді. 
 
28 қазанда Facebook командасы министрліктің мамандарына "контент туралы хабарлама жүйесімен" жұмыс істеу, сондай-ақ Facebook-тің контент саясаты және қоғамдастық стандарттары бойынша тренинг өткізді. Қараша айының басынан бастап министрлік аталмыш жүйеде жұмыс істей бастайды. 
 
Екі тарап та өзара іс-қимылдың тұрақты тетігін, оның ішінде министрлікпен түрлі аспектілер бойынша тығыз жұмыс істейтін Facebook өңірлік офисінен уәкілетті өкілді анықтауды көздейтін тұрақты тетігін белгілеу туралы келісімге келді. 
 
Контент туралы хабарлама жүйесі (CRS) дегеніміз – "Meta" компаниясының "Facebook" және "Instagram" платформаларындағы жаһандық контент саясатын да, жүйеге рұқсаты бар мемлекеттердің ұлттық заңнама талаптарын да бұзатын контент туралы хабарлама жіберуге пайдаланылатын ішкі ақпараттық жүйесі. 
 
CRS жүйесі әлем мемлекеттерінің, бұдан былай Қазақстан Республикасының да уәкілетті органдары үшін "Meta" ("Facebook") компаниясының контенттік саясатқа жауап беретін халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасын ұсынады. 
 
CRS қолдану зиянды контентті жою бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеделдігін және жалпы "Facebook" пен "Instagram" платформаларында заңнамаға қайшы келетін материалдардың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
 
Meta-ның (бұрын Facebook болатын) арнаулы онлайн-каналы бар (Контенттен хабар беретін жүйе, CRS). Ол арқылы әлем елдерінің үкіметтері жергілікті заң талаптарының бұзылғаны туралы бізге хабар бере алады. Қазіргі таңда Meta мен Қазақстан болашақта ынтымақтастықта жұмыс істеу туралы келісімге келіп, Қазақстан CRS жүйесіне кіруге мүмкіндік алды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны