10.09.2021, 17:00 15407

Қазақстан Сауд Арабиясымен әуе қатынасын жаңартуда

Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап "SCAT" әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап "SCAT" әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды", - деп хабарлады ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

 
Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны